Мазмұнға өту
Талғат Клиникасы
verified_user Қазақстанда 28 жыл сенім мен клиникалық тәжірибе

Клиника туралы

«Талғат клиникасы» ЖШС — 1997 жылы Түркістан қалалық ауруханасының жекешелендірілуі негізінде құрылған, заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жарақтандырылған көпсалалы медициналық мекеме.

history
1997
жылдан бері
groups
45000+
тіркелген тұрғын
favorite
129180
пациент жылына
domain
13223
ш.м. аумақ
Талғат Ибраев
format_quote Клиника құрылтайшысы

Талғат Ибраев

«Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты құндылығымыз!»

Ақ халат кию — жай ғана мамандық емес, ол — үлкен жүрек пен биік адамгершілікті талап ететін өмірлік ұстаным. Бүгінде 30 жылдық тарихы бар «Талғат» клиникасында 700-ге жуық білікті маман еңбек етуде.

Біздің тарих

Клиника заманауи талаптарға толық сәйкес келетін, соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген, қарқынды дамып келе жатқан көпсалалы медициналық мекеме ретінде қызмет көрсетуде.

Клиникалық-диагностикалық орталықтың жалпы аумағы 13 223 шаршы метрді құрайды. Ашық автотұрақ пен абаттандырылған жасыл аймақ қарастырылған.

«Талғат клиникасы» — тәулік бойы жұмыс істейтін 223 стационарлық және 70 күндізгі төсек-орынға арналған көпсалалы емдеу мекемесі. Жыл сайын шамамен 129 180 адам көмекке жүгінеді, 1 500-ге жуық күрделі операция жасалады.

  1. 1997 жыл — клиниканың құрылуы
  2. 2022 жыл — интервенциялық кардиология бөлімі (ТКА/ЧКВ орталығы, 6 ауданға қызмет)
  3. 2023 жыл — кардиохирургия бөлімінің ашылуы
Клиника туралы 1997

Клиника ғимараты, 1997 жылдан бері

Сайт дұрыс жұмыс істеуі және қай бөлімдер пайдалы екенін түсіну үшін cookie файлдарын қолданамыз. Құпиялылық саясаты

Дәрігерге жазылу